| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Серікжамал Әжібекова | |||
| 2. | Ғабит Тұрсынбайұлы | |||
Малынған нұрға даланы,
Мұраға бабам қалдырған.
Адамдық ақыл-сананы,
Дарытып бойға қондырған.
Қайырмасы:
Қастерлі әрбір сүйемі,
Қазақтың жері киелі.
Анамның тиген табаны,
Жерімді мәңгі сүйемін.
Өзені, көлі, тау-тасы,
Етене жақын тым ыстық.
Шалғынға жасыл аунашы,
Құшағын ашсын тыныштық.
Қайырмасы
Жаның да бір сәт жай табар,
Осындай жұмақ қайда бар?
Қазақтың елі саялы,
Жаһанға жар сап айта бар.
Қайырмасы