№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кенжехан Рақышев | |||
2. | Серікжамал Әжібекова |
Қайдасыңдар достарым, сағынамын,
Амалсыздан уақытқа бағынамын.
Сабырымды сарқыдым сендерді ойлап,
Жолаушыдай жете алмай сабыламын.
Қайырмасы:
Төбемдегі аспаным,
Таусылмайтын дастаным.
Өмір қысқа, қас қағым,
Қайдасыңдар сол кездегі,
Бірге жүрген достарым.
Қайдасыңдар жастық шақ алыстады,
Өткен өмір өгейсіп қалыс қалды.
Өздеріңді бұл күнде аңсап жүрмін,
Бұрынғыдай шұрқырап табысқалы.
Қайырмасы
Болады екен замана ауыспалы,
Килігеді-ау барыңды тауысқалы.
Сағынышы достықтың сарқылмасын,
Шақырамын бәріңді қауышқалы.
Қайырмасы