№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нүрила Бектемірова | |||
2. | Серікжамал Әжібекова |
Кездестірдім жаным,
Тамаша бір әнің.
Билейік көркейтіп,
Той-думанның әрін.
Ортақ еді сырымыз,
Жалын атқан жырымыз.
Сағыныш боп сарғайды,
Өмірдегі күзіміз.
Қайырмасы:
Билейік жастықтың әніменен,
Жарасып заманныңың сәніменен.
Бұл өмір өтіп барады-ау,
Өзеннің суындай жайыменен.
Арайлы едің, жаным,
Гүл шашпады бағым.
Өмір жолы сан тарап,
Атпады менің таңым.
Кінәләдім уақытты,
Айырған қос ғашықты.
Сені сүйген, жаным,
Жарың қандай бақытты.
Қайырмасы
Көңілден нұр төгіліп,
Сазды әуенге беріліп.
Билейік кел екеуміз,
Бақ шыңынан көрініп.
Сені сүйген ақ гүлім,
Сезім-менің ақ жырым.
Көрсін көңіл көк түтін,
Мәңгіліктің жоқтығын.
Қайырмасы