№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Серікжамал Әжібекова | |||
2. | Әли Ысқабай |
Елтаңбасы – айбарым,
Жадыратып аймағын.
Қос қанатты пырағым,
Желкілдеткен айдарын.
Шаңырағым шашады,
Шуақ көзі-қайнарын.
Қайырмасы:
Мақтанышым – Қазақстан,
Бақтары шын ғажапстан.
Қалалары таза қыштан,
Балалары бақыт құшқан,
Ұландары ғарышқа ұшқан,
Ғажапстан – Қазақстан.
Байрағым бар көгілдір,
Күміс күні төгіп нұр.
Көкте самғап қыраны,
Шың ауасын өбіп жүр.
Бар жақсылық нышаны
Жүректерге егіп жүр.
Қайырмасы
Халқым қалап қоштаған,
Әнұраным-асқақ ән.
Үнін, тілін ұғамын,
Тым ерекше басқадан.
Төсіме қол басқанда,
Толқып, шалқып мақтанам.
Қайырмасы