MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Түлеген жерім Жиделі
Әннің атауы
Әннің атауы:
Түлеген жерім Жиделі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№7, 9 ақпан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Серікжамал Әжібекова
2.Әли Ысқабай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Толқыны ақ жал айбынды,

Балқаштай шалқар айдынды.

Көшіріп тастар жай құмды,

Елемей желін жойқынды,

Бақытқа балап жүреміз,

Шұғыла шашар ай-күнді.

 

Қайырмасы:

Түлеген жерім Жиделі,

Топырақ құты киелі.

Еңбекқор жанды сүйеді,

Ерінбес ерге құрыштай,

Ашылып ырыс тиегі,

Табысты тау ғып үйеді.

 

Арнасы бар да Іленің,

Еңбекпен шыңлап білегін,

Қиялға қанат қақтырып,

Талдырмай жұрты жүрегін.

Бақ құсын қолға қондырып,

Ұшырар биік түлегін.

 

Қайырмасы

 

Бетіңнен өпсе жел жібек,

Шалқиды көңіл елжіреп.

Туған жер иісін сезініп,

Жалауы көңіл желбіреп,

Мәртебең өсіп тұрады,

Аспандай ашық мөлдіреп.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика