| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Абдрахман Асылбеков | |||
| 2. | Алтынбек Қоразбаев | |||
Сырғалым деп жырладым,
Сызыла кеп тыңдадың.
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің гүл бағым.
Ақ моншақ деп ән салдым,
Алтын таңды қарсы алдым.
Айдай сұлу аруым,
Тәтті үніңе тамсандым.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.
Шашбаулыма салғанда,
Құмарым бір қанған ба?
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің жалғанда.
Ақ білезік қолыңда,
Жарасымды оның да.
Айдай сұлу аруым,
Жаным құрбан жолыңа.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қарайсың жанды үзіп-ай.
Мына қысқа ғұмырдың,
Өзіңмен ғана қызығы-ай.