№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Не болғанын маған айтшы,
Көңілсіздік менде сондай.
Сен де мені түсінсеңші,
Сенсіз өмір сүру қалай.
Жүруші едік көп сөйлеспей,
Кездесуге кейде келмей.
Сонда да маған қымбатсың,
Махаббат жоқ маған сендей.
Қайырмасы:
Айтшы жаным тек шыныңды,
Түсінбедім мен сырыңды.
Сұрап сенен өтінерім,
Және арнап өз жырымды!
Мен жоқта біреу сенің,
Жүрегіңді жаралаған.
Мен жоқта біреу сенің,
Бар ойыңды мазалаған.
Сенсіз өмір сүру маған,
Өте ауыр және қиын.
Бақытыңды тапсаң егер,
Сала алмаймын саған тиым.
Қайырмасы
Есіңде ме сол бір кездер,
Қыдырушы ек айлы түнде.
Ұмытсамда сол күндерді,
Ұмытпаймын мәңгі сені.
Жерге тастап шын сөзіңді,
Тапсаң егер шын досыңды.
Бақытты бол сүйгеніңмен,
Босатамын мәңгі сені.
Қайырмасы