№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гауһар Әлімбекова | |||
2. | Назира Бердалы |
Бір-ақ күнде қуантып қос ананы
Сыңсу айтып қыз көңілі босағаны
Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең
Ақ келін боп аттадың,
Ақ келін боп аттадың, босағаны
Қайырмасы:
Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен
Үлбірейсің үміттен жаралып пе ең
Басқа тойлар бастауы бүгінгі той
Бүгінгі той қоштасу,
Бүгінгі той қоштасу, балалықпен
Сәлем салып басыңды ие бердің
Қолтығыңнан сол сәтте сүйген кім
Міне сондай жеңгелер жолын қуып
Ана деген жақсы атқа
Ана деген жақсы атқа иемдендің
Қайырмасы
Ата-енеңді құрметте отағасын
Берік қылып осы үйдің босағасын
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шаттығы отанасы
Қайырмасы