№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Халық әні |
Енді есен бол Баянның қалған елі-ай ау,
Сен де есен бол Арқаның қоңыр желі-ай ау,
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Қаз қаңқылдап жататын, қу сыңқылдап-ай,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай ау,
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай,
Ақбаян,
Ақ жүрегің көпке аян.
Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай,
Ақбаян,
Ақ жүрегің көпке аян.