| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Халық әні | |||
Мінген атым астымда бұқпа қара
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара
Деңгейінен ауылыңның ән салайын
Танымасаң даусымды шық та қара
Қайырмасы:
Бетегелі белден боз
Уағдалы еді айтқан сөз
Айрылысар күн туды
Қош-есен бол айдай
Ақкербез, Ақкербез
Айналайын қарағым, қиылған қас
Сені ойласам көзіме келеді жас
Өзіңе арнап хат жазып жіберейін
Сағынғанда оқы да бауырыңа бас
Қайырмасы