MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Аққу сазы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№7, 9 ақпан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Сәкен Тұрысбеков
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қиялым тербеп,
Көкірек кернеп,
Аңсаймын сазын аққудың.
Назыңмен бірге,
Бөлендім күйге,
Мен үшін, жаным, пәк тудың.

 

Сүйсіне ай қарап,
Көл бетін аймалап,
Тұрады самал жел тербеп сені.
Желбіреп пәк тудың,
Кетпеші, аққуым,
Еседі махаббат қоңыр лебі.

 

Толқынды көңіл,
Күй болып төгіл,
Жаныңа келсін аққулар.
Назды үнің сенің,
Күйлерім менің,
Достыққа мәңгі шақырар.

 

Сүйсіне ай қарап,
Көл бетін аймалап,
Тұрады самал жел тербеп сені.
Желбіреп пәк тудың,
Кетпеші, аққуым,
Еседі махаббат қоңыр лебі.

 

Мынау кең дүние,
Тебіреніп күйіңе,
Тұрғандай бөленіп тербетіле.
Көңлімнің сәнісің,
Махаббат нәрісің,
Сиятын емеспін жер бетін.

 

Сүйсіне ай қарап,
Көл бетін аймалап,
Тұрады самал жел тербеп сені.
Желбіреп пәк тудың,
Кетпеші, аққуым,
Еседі махаббат қоңыр лебі.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика