№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марфуға Бектемірова | |||
2. | Әнуар Бекжанов |
Есімде сонау сұрланған күзгі суық күн,
Қиқудай ұшып, қоштастың аққу, сүйіктім.
Жүректен ұшқан нәзік бір сезім алаулап,
Өзің деп аққу, ағарған таңды сүйіппін.
Қайырмасы:
Аққуым қайтып келер деп әлі көктемде,
Самал жел кейде бетімнен келіп өпкенде.
Аспанға қарап зарыға күтіп мен жүрмін,
Төбемнен ұзап ақша бұлт қалқып көшкенде.
Самғадың биік айналып өтіп төбемнен,
Думанды тойым өзіңмен бірге жөнелген.
Қимасым едің, алысқа ұшып кеттің де,
Қалдым мен жалғыз сағынышқа бөленген.
Қайырмасы
Шырайлы жүзді қуаныш көктемАна жайласын,
Көгершін көңіл қанатын қағып самғасын.
Үніңді естіп ұйқымнан түнгі оянам,
Қайдасың аққу, аққуым менің қайдасың?