№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Алладан басқа жоқ Тәңір, Мұхаммед оны елшісі.
Оқысаң құран тәп-тәуір, жаныңның жалғыз емшісі.
Адамның бәрі –жат-бауыр, заманның сол ғой кем тұсы,
Болуы қиын хаққа құл, ібіліс болса көршісі.
Жер бетіндегі көп қабір пенденің алған еншісі.
Құлдың да құлдан несі артық? Нәпсісін түгел тыйса артық.
Намазын оқып бес уақыт, иманын кәміл жыйса артық.
Қиямет күні құлым деп Алланың өзі сүйсе артық,
Жәннатта ғұмыр кешерсің көңіліңде сонда күй шалқып,
Анаңның әппақ сүтінен жұмақтың жұпар исі аңқып.
Алланың бары –ақиқат, танитын соны ілім бер,
Ля-Иллия-Ха деп жас ұрпақ намаз бен хақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған ізбенен жаңылмай жолдан жүріңдер,
Тұрағың болған жалғанда, жұмағың болмас жұмыр жер,
Тіршілік еткен пендеңе құлшылық етер өмір бер.
Өкінішті мынау өмірде тарамда-тарам жол болар,
Біреудің тасып мерейі, біреудің бағы кем болар.
Алланың ол да сынағы ойлаған соны жөн болар,
Есіктен кірген басыңның алатын орны төр болар,
Бесіктен шыққан басыңның баратын жері көр болар.
Құранның сөзі – қасиет, пайғамбар сөзі -өсиет,
Күдеріңді үзбе құдайдан көрсең де қайғы-қасірет.
Бабалар өткен баһадүр иманы жалғыз досы боп,
Ізгілік жолын іздеген бұйрығы хақтың осы деп,
Кіршіксіз ғұмыр кешуді-ей бізге де Аллам нәсіп ет.