№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Мұңаямын жаным бір өзіңді ойлаумен,
Елестетем сені дидарыңа тоймаумен.
Жүрегімнің мұңы, көңілімнің сыры мені еріксіз қинайды,
Мөлдіреген көзің, балдай тәтті сөзің арман нұрын сыйлайды.
Қайырмасы:
Сол арманның асқарына жете алам ба,
Сол арманның айдынынан өте алам ба.
Айырылмас қос аққудай қатар жүрзген,
Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба?!
Махаббаттың жанған жалыны сенің қолыңда,
Мен аңсаған арман сенің ғана жолыңда.
Жаным сұлу жүрсем ойламашы еркем бақытым бол тек менің,
Тағдыр жазған сыйын сенсіз болжау қиын болашақтың ертеңін.
Құбылғандай жүзің алыс арайменен,
Оттай ыстық жанарыңа қарай берем.
Тағдыр жазған табындырған жас жүректі,
Басқалардың тағдырына қалай берем.
Қайырмасы