№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Жанарыңа жас толып,
Мені ойладың сүйіктім.
Ақша жүзің албыртып,
От-жалын боп күйіп тұр.
Қайырмасы:
Нені жаным аңсадың,
Мұңға бөлеп жүзіңді.
Жанарыңнан домалап,
Бір тамшы жас үзілді.
Асау сезім тереңнен,
Бұлаң келді қайтадан.
Жігерсіз деп өзіңді,
Енді қалай айта алам.
Шыққа шықсам табынтып,
Еріді де, езілді.
Мені өзіңе табынтар,
Күш ағымын сезіндім.
Қайырмасы