MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Төлеңгіттер
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№7, 9 ақпан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Әли Ысқабай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ойы өрісті, деңгейі абыз дерді,

Абылай хан ұнатқан нағыз ерді.

Қайсар, өжет төлеңгіт өрендері,

Болса да ұлық, кіші еді - жаны зерлі.

 

Қорғағанда байтақ жер әр төбесін,

Дұшпанына қаһарлы кәр төгетін.

Қарамен де, ханмен де тіл табысқан,

Жоғары ұстап кісілік мәртебесін.

 

Қайырмасы:

Бекзаттық болмысымен,

Кісілік оңды ісімен,

Қайсарлы айбатымен,

Қажырлы қайратымен,

Туына Жаназардың,

Құтына Өмірзақтың,

Жиылған қас батырлар

Бірлесіп ен даланың

Қорғаған әр түндігін,

Сақтаған ел бірлігін

Ел ері атанғандар –

Ержүрек қаһармандар!

 

Шықса айқасқа Жаназар қайсарланып,

Суық қабақ сұсынып тайсалды анық.

Тайғақ жолдан соқпақты сүрінбейтін,

Ақылманы ер Өмірзақ жайсаң ұлық.

 

Қуат алған адами құт арнадан,

Шарболатты сауыты мұқалмаған,

Шұбартаудай елімнің ерлері бар,

Қыбын тауып еш батыр ұта алмаған.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика