№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Өлең – Абай, Абай – өлең өрілген,
Өлеңімен асқар шың боп көрінген.
Қара сөзі – ақыл-ойдың арқауы,
Бабам әні – мөлдір бұлақ төгілген!
Қайырмасы:
Ұлы тұлға, дара тұлға, ән-әлем,
Абай әні жаңғырады даламен.
Өлең сөздің патшасы боп мәңгіге,
Ұрпақтарға жалғасады санамен.
Өлең – өрен қызғалдақтай қырдағы,
Алдарыңда ашылар сан жыр бағы.
Ғарыштарда шарықтатып әндерін,
Ғасырларға жалғастырып ұрпағы.
Қайырмасы