№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Сақат | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Желмаямен жердің жүзін аралап,
Жерұйықты табамын деп сағалап.
Асан баба мұратыңа жете алмай,
Ұрпағыңа артқан едің аманат,
Сол ұрпақтың суырылған ері жоқ,
Баяғы бір Елімайдың кері боп.
Әлі күнге Жерұйыққа жете алмай,
Жүр қазағың азат болған жері жоқ.
Қайырмасы:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Суы құрып біткен соң,
Арал қайтіп күн көрер.
Жаулап алса жат жұрттар
Орал қайтіп күн көрер
Діні менен тілі жоқ
Балаң қайтіп күн көрер
Өрт пен дертке ұрынған
Далаң қайтіп күн көрер.
Асанқайғы бұл дүниеден кеткелі,
Қанша ғасыр нелер бастан өтпеді.
Өзгермейді қазағымның өмірі
Жөнге салмай Ғайса түсіп көктегі.
Жер астынан Мәді шығар болмаса,
Пайғамбарлар сөйтіп жолды оңдаса
Сонда ғана жолы болар Қазақтың,
Асан баба аруағы кеп қолдаса.
Қайырмасы