№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Рафаэль Ниязбек |
Тік көтерген байрағы көк бөрілі,
Арлы жұрттың қайда да тоқ көңілі.
Ұлан байтақ даласын жаудан қорғап,
Ұлы шайқас үстінде өтті өмірі.
Қайырмасы:
Ұран қосқан дем беріп ұраныма,
Дүние өзгермей тұрады ма?
Талай ғасыр мекен боп ұлы дала,
Қазақ болып мақтанам туғаныма.
Жауға бермей қорғаған боз даласын,
Қазақ неге білмесін өз бағасын.
Ғасырлардан ғасырға көшін тартқан,
Өзі киген сауыттай тозбағасын.
Қайырмасы
Тартса да азап, өмірден түңілмеген,
Жаугер жұртқа арпылдап кім үрмеген.
Ана алдында тізесі бүгілсе де,
Жау алдында ешқашан бүгілмеген.
Қайырмасы