MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауыл түні
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Матқұлбек Маясаров
2.Мехнат Теміртас
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Күн батады маңайды манауратып,

Жалбыз аңқып, келеді танауға мүк.

Саумал иісін сіміріп табиғаттың,

Батқан күнге балбырап, қарау – бақыт.

 

Қайырмасы:

Тасаланса күн барып биік тауға,

Өзен маңы, біз үшін сүйікті аула.

Сүйген жандар мәңгілік ұйықтамастай,

Жанды-жансыз кеткенде ұйықтауға.

 

Екеу, екеу, қалғыған баққа қарап,

Ғашық жандар, сырласқан шақта – ғажап!

Ай сығалап тұрады бұлт астынан,

Әппақ нұрын аспаннан ақтара сап.

 

Қайырмасы

 

Еміс-еміс аң дауысы алаңдатып,

Аспан астын шарлайды балаң – бақыт.

Ауыл түні, тапшан мен масахана...

Ұйықтап кетем, жұлдыздарға қарап.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика