MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Бақ құсы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Болат Сыздық
2.Матқұлбек Маясаров
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бір көргеннен жаңылдым да жадымнан,

Айналшықтап шыға алмадым жанынан.

Ұзақ жылдар іздегенім жаһаннан,

Ұлытаудың баурайынан табылған.

 

Қайырмасы:

Нұрға толы мөлдіреген көздері,

Сырға толы,жанға жайлы сөздері.

Жүрегімді мол қуаныш кернеген,

Бақ құсымды жолықтырған кез еді.

 

Жүрегімді дір еткізген жанары,

Тұнық көздер пәк сезіммен қарады.

Ақ қанатты тылсым сырлы періште,

Жадыратты жабырқаған жанымды.

 

Қайырмасы

 

Өмір деген толқындаған көк теңіз,

Көк теңізде бірге жүзіп келеміз.

Қол ұстасып, армандарға ұмтылып,

Әлі талай асулардан өтеміз.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика