№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Серік Тұрғынбеков |
Кезің піскен, көзге түскен бойжеткен,
Тоқтап күшпен, тынып іштен, ой кеткен.
Арбағанға олжа болып жүрмегей,
Талғағанға табылғайсың бейнетпен.
Қайырмасы:
О, бойжеткен ақтарылсаң, ақтарыл,
Бақытыңды баян етіп, қақ дабыл!
Бұл күніңді сағынарсың, аңсарсың,
Барлау жасап, сонау алыс шоққа бір.
Нәзікпісің күні жеткен гүлден де,
Өте шығар мына талай жыл дем де.
Өзгелердің от өзегін тілгейсің,
Өзіңе-өзің ғашық болып жүргенде.
Қайырмасы
Өз жолыңа, өз бағыңа енді асық,
Өзге жанда жасырынған сырды ашып.
Саған ынтық болып жүрме көп жігіт,
Бәлкім, жұрттың барлығына сен ғашық?
Қайырмасы