| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Матқұлбек Маясаров | |||
| 2. | Сағи Жиенбаев | |||
Қалмайды менің жанымнан,
Жас кезде жүрген жерлерім.
Көктемгі нұрды жамылған,
Белесте белес белдерім.
Қайырмасы:
Шарладым қыр мен ой ішін,
Жұпарын жұттым даламның.
Жалғызсың далам, мен үшін,
Сен үшін мен де – жалғызбын.
Тұрады шалғын, тал билеп,
Бозторғай шырқап әуенін.
Жүргендей бәрі әлдилеп,
Әлемнің жалғыз бөбегін.
Қайырмасы