№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Мұрат Жадаев |
Қылышынан қаны тамған кеңестің,
Қаһарынан тайсалмадың егестің.
Сені бүгін қазақ үшін қамалған,
Елін сүйген ердің бірі-ай демес кім?
Қайырмасы:
Ей, соған куә, күмістейін ақ самай,
Алла білер, келеріңді жасқа қай.
Аз халқыңның мол тарихын жаза бер,
Қару қылған қаламыңды тастамай.
Қиналғанда тар қапаста қамалып,
Жан-тәніңе әз дініңді пана ғып,
Армандарың оттан ғана жаралып,
Қазағымның дәстүрінен нәр алып.
Қайырмасы
Беу, Кәмекеңдей ерім-ай.