№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марфуға Бектемірова | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Жадырап жастық
Жалындап өткен көп күндер,
Сағымдай бейне бұлдырап кеше өттіңдер.
Жастығын тойлап, сылдырап аққан бұлақтар,
Сағынышымды жүректен неге төктіңдер?
Қайырмасы:
Қолымды бұлғап,
Қоштасып мен де қаламын,
Гүлдерін теріп сыйлаймын саған даламның.
Жастығым менің, қимасым едің, аяулым,
Өзіңдей бақыт қайдан мен іздеп табармын?
Дір етіп сонда,
Жүрегім нені іздедің?
Өмірдің шаттық күндерін әлде түндерін?
Көңілдің күйін шертіп бір шебер күйшідей,
Жастық шақ өтер тізіп-ап жылдар тізбегін.
Қайырмасы
Жастық шақ өтер, көрініп көзге елестей,
Артыңда қалар бейне бір биік белестей.
Қоштасқым бірақ келмейді менің мәңгілік,
Жастығым сенсіз өмірде қызық еместей.
Қайырмасы