MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Жалғыз аққу
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Матқұлбек Маясаров
2.Сәулеш Шәтенова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Жұлдыздай мұң жасырып жанарына,

Жұбы жоқ өлі ме әлде жаралы ма?

Тамшылардан тағып әр тана моншақ,

Жалғыз аққу көлге кеп тарануда.

 

Қайырмасы:

Сыңарың, қайда кеткен сынарың деп,

Аққудан кеткені-ай сұрағым кеп.

Адамдар тамашалап тұрғандықтан,

Жыламадым тұрса да жылағым кеп.

 

Жалғыздықтың не екенін айдан ұғып,

Қанаты қайрылды ма қайран үміт?

Жалғыз аққу сұктанып өз-өзіне,

Қарайды айдын көлін айна қылып.

 

Қайырмасы

 

Сұсы мол сұқ көздерден сәл қысылмай ,

Кербезім керіледі хан құсындай.

Жападан жалғыз өзі ұшып кетті,

Белгісізін бетке алып байғұсым-ай.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика