№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Нақсұлу Ержігітова |
Сүйер болсаң қайғы мұңға салмашы,
Маған да бір көңілді сәт арнашы.
Күн нұрындай сәулеңді шаш бір мезгіл,
Әдемі сөз арнаудан еш талмашы.
Қанаттанып мен де шалқып жүрейін,
Шұғыладай, шуақ шашып күлейін.
Жадыратшы осы қазір жаз болып,
Бар әлемге мейірімді төгейін.
Әйел жаны сұлулықты сүйеді,
Әсем әуен жүрекке гүл егеді.
Көңілденсе жайнатады барлығын,
Қатуланса көздің жасын төгеді.
Неге десең оның бар ма себебі,
Көз жасына ғана әлі келеді.
Әйел деген сезімтал ғой тым нәзік,
Сондықтанда жараланғыш жүрегі.