№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Сағындықов | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Күліп жүрші шуақ шашып айнала,
Жымиғаның жетіп жатыр жай ғана.
Сенің күлкің жылу, мейірім сыйласын,
Ғалам атты, әлем атты айнаға,
Күліп жүрші, жарай ма?
Қайырмасы:
Жұбатайын, тек сен енді мүңайма,
Жаның жүдеп жүрсе маған оңай ма?
Сен қамықсаң аласұрам, адасам,
Жалғыз қалған жандай қалың тоғайда.
Сен қамықсаң мына әлем де бір түрлі,
Іздеп сенің тұрғандай-ақ күлкіңді.
Тіршілікпен байлап, матап қойғандай,
Жаратушым сенің әсем көркіңді.
Қайырмасы
Тас төбеден басса-дағы қара аспан,
Көп ішінде болмай жандай адасқан.
Күн астында Күнекейдей сен күлсең,
Бұлтқа орын жоқ жарық күнмен таласқан.
Қайырмасы