| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Азкен Алтай | |||
| 2. | Матқұлбек Маясаров | |||
Қуыршағым қандайсың,
Р-ды айта алмайсың.
Кәмпит берсем қолыңа,
Ауызыңа салмайсың.
Қайырмасы:
Жуындырып алайын,
Шашыңа бантик тағайын.
Әдемісің бері қара,
Суретіңді салайын.
Жетелейін жүре ғой,
Сылқ-сылқ етіп күле ғой.
Менімен бірге отырып,
Телевизор көре ғой.
Қайырмасы
Шашымызды тарайық,
Кітаптарды қарайық.
Шаршадық ғой екеуіміз,
Біраз ұйықтап алайық.
Қайырмасы