№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ибрагим Бекмаханұлы | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Кешір ана, кешір мені,
Азат еткен жерім жоқ.
Арманым көп, ескермеді,
Жұлып түсті өлім – оқ.
Әттең өмір қысқа болды,
Ұзақ деуші ем жолымды.
Қабаққа мұң ерте қонды,
Айыртпай оң, солымды.
Қайырмасы:
Қош бол жұртым, қош бол, ғұрпым –
Намыс, жігер, нар талап!
Қиындықтың барлық сұрқын,
Мен кетейін арқалап.
Жақсылықтың таңы тусын,
Құрсын, өшсін, жаман ат.
Толқындарды толқын қусын,
Азаттығым – аманат.
Бірақ, ешбір өкінбеймін,
Отқа түстім ел үшін.
Неге ұйқымнан серпілпеймін,
Отан – ана, сен үшін.
Буырқанып бойда намыс,
Қарсы шықтың құрсауға.
Болып жатқан атыс, шабыс,
Қаратқан жоқ мұршаға.
Қайырмасы
Құштым міне, өлім сайын,
Кешіре гөр, анашым.
Мен мүрдеге енді айналдым,
Осы жерден табарсың...
Бозбелім-ай, жусан гүлім,
Сен де қош бол мекенім!
Рухым жебеп, туса күнім,
Мен пейішке жетемін.
Қайырмасы