MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Махаббат лебі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Белгісіз автор
2.Мұратхан Егінбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өзіңдей өзгеше жан жоқ қой көрем

Сезімге ырық бермей тоқтай берем

Жанарың жәудіреген еске түссе

Қызамын сағыныштан оттай берем

А - а - а

Қызамын сағыныштан оттай берем

 

 

Жасартып жан жүректі қанды ойнатып

Өзіңмен жүздескен сәт қандай бақыт

Жыл күтіп сағат күтіп жүргенімде

Үмітім өше көрме жанбай жатып

А - а - а

Үмітім өше көрме жанбай жатып

 

 

Ешкімге жан едім мен жалынбаған

Қайтейін жүрек оты жалындаған

Еншісін табиғаттың ал демейін

Шабытым жүрсең болды ау жанымда аман

А - а - а

Шабытым жүрсең болды ау жанымда аман

 

 

Аймалап жүзіңізді таң шуағы

Құрғасын көздің ыстық тамшылары

Аузымда ұрпақтардан ұмытылмас

Ынтызар ғашықтардың қалсын әні

А - а - а

Ынтызар ғашықтардың қалсын әні

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика