№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Ғалым Жайлыбай |
Аршыған ақ бұлақтай әннің көзін,
Тас жарған талант та өзің, тағдыр да өзің.
Бабадан аман жеткен аманаттай,
Айбозым, айхай-бозым, даңғыл бозым.
Қайырмасы:
Аштырар сыр-сандықты сырлы жүрек,
Сол сырды ақын біткен жыр қылып ек.
Алаштың аспанында айналып жүр –
Қайратқа ән боп қонған бір құдірет.
Естісең есті өлеңді көз ілмейсің,
Ән салсаң сел ақтарған сезімдейсің.
Әуенін аққу құстай әуелеткен –
Сері Ақан, сал Біржанның өзіндейсің.
Қайырмасы
Ән өлең, бар әлемнің қазығындай,
Сарғайтқан сол әуеннің сазы нұрдай.
Жұртыңа ақ самалдай аңқылдашы,
Жазира туған елдің жазығындай.
Қайырмасы