№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айжан Имантаева | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Әппақ әлем, әппақ қар! Не деген бұл ғажап күн!
Ақ әлемде болмайды жанды ауыртар азап, мұң,
Кіршіксіз сол әлемнен-ақ сезімнің өзі боп,
Қол бұлғайды күлімдеп бір аруы қазақтың
Қайырмасы:
Әппақ дүние, ақ әлем – арайланған таңдардай,
Қалай ғана шыдарсың ғажайыпқа таң қалмай?!
Сол ғажайып әлемнің құшағында тұр әне,
Бала сынды ақ көңіл, әппақ ару армандай.
Алаулайды ақ әлем. Қар жауып тұр тынбастан,
Әппақ ару келеді, ақ әлеммен сырласқан.
Ақша қарды уыстап айналаға шашады,
Тазартқысы келгендей, көңілдерді кір басқан.
Қайырмасы
Әппақ дүние, ақ әлем! Кетті бүгін қашып мұң,
Шаттық әні шалқиды шарасынан тасып мың!
Ақ әлемде ақ нұрға айналғандай әппақ қыз,
Ақ сезімге оранып, күйін кешті ғашықтың.
Қайырмасы