№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Шынар Кендін |
Сағынып жүрек, самарқау сəтті сезінген
Сандалып, мынау, сая таппады-ау, өмірден
Сары күздей боп, сарғайып жүрген қызыңды
Сағындың ба, ана, бір тамшы төгіп көзіңнен?!
Қайырмасы:
Тіледім ана, кездесер күнді-қуаныш
Жүрегім бірге, жүрсем де сізден, тым алыс
Сағынып жатып, түсімде сізді көрсем ғой,
Жақсы түс көрсем, жаныма сол да жұбаныш...
Қоңыр күз келді, қорғасындай боп ұйыған
Қоңыр қозыдай, қою кештерде бұйығам
Қой көздеріңді жұлдызға анау ұқсатып,
Қос жанарыңның шұғыласына жылынам...
Қайырмасы
Үлп етсе жүрек, үзілген сол бір тамшыдан
Үзіліп сенен қалмайыншы-деп, таусылам
Үркер туғанда, үнсіз отырып тіледім...
Үкілі үмітім, үрікпесін, тек, аңшыдан...
Қайырмасы