№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Үміт Шарипова |
Күткен кезде алыстан төзімменен,
Сағым ойға тербеліп көз ілмеп ем.
Құлауға шақ қалғанда қолын созған,
Сол үшін сен бе едің мені іздеген?
Қайырмасы:
Кездескелі жанарым көзіңменен,
Сағынышқа таңылды-ау сезім деген.
Жасырынған бұлттардың арасында,
Сол жарығым сен бе едің мені іздеген?!
Жүректегі жақсы ойдан безінбеп ем,
Жалғыздықты сен барда сезінбегем.
Адастырып кеткенде амал достар,
Адал досым сен бе едің мен іздеген?!
Қайырмасы
Сағынышпен жүрегім егіз деп ем,
Сезім шіркін бір екен теңізбенен.
Жалғыз қалып кеткенде жағалауда,
Өлеңім-ау, сен едің мені іздеген?!
Қайырмасы