MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Сені ғана сүйемін
Әннің атауы
Әннің атауы:
Сені ғана сүйемін
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Матқұлбек Маясаров
2.Ұлықбек Есдәулетов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сені ғана сүйемін бір өзіңді.

Қылығыңды сүйемін, мінезіңді.

Сағыныштың сан батпан салмағынан,

Жүз жаншылып жүрегім мың езілді.

 

Қайырмасы:

Есіміңді еске алып күбірлесем,

Таңғы түстей тәтті бір ғұмыр кешем.

Сезінбес ем тамшының тереңдігін,

Сезіміңе мен сенің үңілмесем.

 

Қиылып бір қарасаң үндеместен,

Сұм дүние шығады мүлдем естен.

Тақта отырған тәкаппар тағдырымды,

Қияр едім жолыңа дым деместен.

 

Қайырмасы

 

Алыстасаң, аңсаймын, аласұрам.

Тағат тасып, шығады сабасынан.

Жүрегімді тек сенің сөзің ғана,

Жазар еді сыздаған жарасынан.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика