MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сенің күлкің
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бижан Қалмағанбетов
2.Матқұлбек Маясаров
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Махаббаттың айтшы сен теңдесі не,

Жұпар шашқан осынау жер бетіне.

Серігімсің жанымды жадыратар,

Күлкі сенің жарасқан келбетіңе.

 

Қайырмасы:

Сен күлгенде кеудемде нұр тұнғандай,

Асау жүрек тынымсыз бұлқынғандай.

Топ ішінде көзге оттай басыласың,

Санап басып аяқты сылқымдардай.

 

Сенен басқа елемей өзге ешкімді,

Шын ғашықтар төзімнен сезбес мұңды.

Қиялымда қонақтап сендей ару,

Жүруші еді періштем кездестірді.

 

Қайырмасы

 

Байлық емес өзіңсің бағымда да шын,

Сүйген жүрек от болып жалындасын.

Қызғалдағым қырдағы бүршік жарған,

Аққуымсың сән берген қолымда шын.

 

Қайырмасы

 

Толық ашпас көркіңді шіркін өлең,

Хас сұлусың құлпырып, мың түлеген.

Келер жалдар сыйласын қуанышын,

Қарсы алайық әр таңды күлкіменен!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика