№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Әділбек Ыбырайымұлы |
Қайырмасы:
Сенің назың, қылығың,
Еркелігің, ұғымың –
Тұп-тұнық-ау кіршіксіз.
Мөлдіріндей шынының.
Көзің неткен аялы,
Мейірімін жаяды.
Жаның әркез қиналсам,
Болар маған саялы.
Қайырмасы
Сенің назың, қабағың,
Әппақ қандай тамағың.
Ал мойының алманың,
Елестетер сабағын.
Қайырмасы
Жаның тұнған нәркестік,
Сезіміңді әлпеш қып.
Маған құшақ жаясың,
Қылық тауып әр кештік.