№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Нұркеш Бәдіғұл |
Сен бір гүлсің әппақ нұрдан нәр алған,
Сұлулықтың сиқырынан жаралған.
Қапас түнек басатындай сен егер,
Тасаланып, тайып кетсең жанардан.
Қайырмасы:
Қандай жарық қандай жылы бұл өңің.
Сырға толы, жырға толы жүрегің.
Мөлдір көкте күліп тұрған күнсің сен,
Жаным балқып, шуағыңды сүйемін.
Күміс күлкің ақтарылған наз үнің,
Жас жаныңның байқатқандай нәзігін.
Оймақ ерін ойнақы көз отты леп,
Көкірекке шуақ құяр әзілің.
Қайырмасы
Жақындауға тұрмын саған бата алмай,
Бата алмадым, қалдым бір тіл қата алмай.
Дәл қазір мен күйіктімін аңшыдай,
Кезенгенде қалған оғын ата алмай.
Қайырмасы