| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Матқұлбек Маясаров | |||
| 2. | Әлібек Шегебай | |||
Киелі байтақ жерімнің,
Күмбезі болған Түркістан.
Егемен, еркін елімнің,
Күн көзі болған Түркістан.
Қайырмасы:
Қондырған қайта тағына,
Самала, сәнді – Түркістан.
Қазақтың біткен бағына,
Жасай бер мәңгі – Түркістан.
Басылған алғаш қадамның,
Құт, ары болған – Түркістан.
Жусанды мынау даламның,
Жұпары болған Түркістан.
Қайырмасы
Тәу етіп барар текті елім,
Шын ары болған Түркістан.
Медине менен Меккенің,
Сыңары болған Түркістан.
Қайырмасы