№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Тұманбай Молдағалиев |
Бара жатыр көкжиекке күн батып,
Қолын бұлғап жөнелгендей бір бақыт.
Бір топ тырна ұшып өтті үстімнен,
Әсем әнін бар алқапқа тыңдатып.
Қайырмасы:
Көз ұшында бара жатыр үш лек,
Тұрдым қарап, келді көктем құсы деп.
Жұп жазбайды бір-бірінен шіркіндер,
Осы дағы махаббаттың күші ме еді?
Тұрмын қарап бір әдемі сезіммен,
Тырналардың келген осы кезін мен.
Көк аспанды сыбағама қалдырып,
Бір топ ноқат ғайып болды көзімнен.
Қайырмасы
Жайылымнан бәрі дәйім бір қайтып,
Жалғыздарды көптігімен мұңайтып.
Сол тырналар бара жатқан сияқты,
Тірлік жайлы, бірлік жайлы жыр айтып.
Қайырмасы