№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Мәшһүр Жүсіп |
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр,
Босаға мен төріңді аласта бір
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан алашқа бұл.
Қайырмасы:
Жыр мен күннің хисса ғой – зарың әрі
Ананың ақ сүтіндей – атың әлі!
Түбі әлемді өзіңе жалт қаратар,
Түріктердің сен – қара шаңырағы.
Тәңірі деген ілтифат-базынаңа,
Бұл – құдайдың жасаған назы ғана,
Жерге сіңген көз жас пен маңдай терің,
Жер астында айналған қазынаға.
Қайырмасы
Сен едің ғой Тұранның кемел елі,
Алтын орда одағы ерен еді.
Адамзатқа құшағын ашқан жұртты,
Алланың жарылқауы керек еді.
Қайырмасы