№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Адал қызым-ау, маңдайы жарық,
Әкетпек жұртың сырғаңды салып.
Аялап сені өсірдік, бағып,
Көрген жоқ ешкім бетіңнен қағып.
Қайырмасы:
Бағыңды сенің Алладан тілеп,
Өзіңді қимай тулайды жүрек.
Қыз-ғұмыр дәурен артыңда қалды,
Ашылсын бағың – айтатын тілек!
Әлдилеп сені өсірдім, еркем,
Балалығыңды кешірдім, еркем.
Барасың бүгін жат жұрттық болып,
Анаңды ойлап жылама ертең.
Қайырмасы
Бақытың жанып, ашылсын бағың,
Артыңа енді қайрылма, жаным.
Қосағыңменен қоса ағар, қызым,
Атсыншы әркез жарқырап таңың.
Қайырмасы
Қызым-ау Жібек!