MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ұлы далам
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№8, 2 наурыз 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Матқұлбек Маясаров
2.Фатима Жүнісова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ұлы далам, саған қарап ойланам,

Көңілімнен кетпей қойды-ау бір алаң...

Сенің дархан төсіңді кеп жұлмалап,

Иіскеп жатса, енді қалай жай табам..?

 

Қайырмасы:

Ұлы далам, енді абайла, көзіңді аш,

Өз жұртында азаймасын қалған бас...

Сығалап жүр есігіңнен талайлар,

Төрге шықса, дүние қалай шайқалмас..?

 

Ұлы далам, сені жаттан қызғанам,

Қадам басса, сарсылады ой-санам.

Шеңгеліне түсіп қалып жат елдің,

Шерменденің күйін кешсе бір балаң...

 

Қайырмасы

 

Ұлы далам, пейіліңнен айналдым,

Құшағыңа қай халықты баспадың?

Өзегінен тепкен жоқсың ешкімнің,

Адамзатқа, адамдыққа дос жаның.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика