№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Сайлаухан Нәкенов |
Ұлытауда үзілмеген ұлы ән бар,
Тілін білсең, тас мүсіннен сұраңдар.
Бізге алғашқы бабалардан қалыпты,
Бірлік үшін айтып кеткен ұрандар.
Қайырмасы:
Жыраулардың таңдайынан жыр борап,
Тарихымды тасқа жазған нұрға орап.
Ұлытаудың етегінен ұйқысыз,
Алашын Алаша мен Жошы хандар тұр қарап.
Ұлылықты, сірә, сұрап ала ма?
Жалт қарасам жасыл жайсаң далама.
Төрт тауымда төрт құбылам болғанмен
Ұлытауға таба алмаймын балама
Қайырмасы
Осы сөзді айтқан жоқпын мен тегін,
Осы жерде түзеген ел тентегін.
Ұлытауда бірлік үшін ұран сап,
Белгілеген бүгіні мен ертеңін.
Қайырмасы