| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бақытжан Еламанов | |||
| 2. | Үміт Жәлеке | |||
Арайлап атқан таңымды,
Айшықтап күймен ағынды.
Кездестің өзің жағада,
Толқындай тербеп жанымды.
Балықтай суда ойнаған,
Көркіңе көзім тоймаған.
Өзіңмен өткен сол күнді,
Әй, сағындым.
Қайырмасы:
Ей-ей, Ақмаралым,
Ей-ей, ақтамадың,
Ей-ей, Ақмаралым-ай,
Ей-ей, Ақмаралым,
Ей-ей, ақтамадың,
Сезімімді ақтамадың сен.
Сезімнің сыры тереңдеп,
Бұлқынды жүрек елеңдеп.
Қоштасар кезде бірақ сен,
Айтпадың жаным келем деп.
Жаныма келіп тағы да,
Айналшы менің бағыма.
Жолыңды күнде қарайлап,
Әй, сағындым.
Қайырмасы