№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Нар тұлғалы, сүйегі асыл адам,
Беті қайтып, ханнан да жасымаған.
Күрделі істің түйінін шешсе де әділ,
Кеуде керіп мастанып тасымаған.
Тумысынан кісілік дарыған жан,
Бар мақсаты – ел қорғау – лағыл арман.
Көсемдікпен, көріпкел киесімен,
Беделі артып, жұлдыздай бағы жанған.
Қайырмасы:
Тектілік арын сақтаған,
Сенімін халық ақтаған.
Хан Темір жете таныған,
Көріпкел кие дарыған.
Жақсыны жақтап құптаған,
Адалдық туын жықпаған.
Інжілге терең бойлаған,
Байшегір баба ойлы адам,
Байшегір баба данагөй!
Батасымен ақ жолың ашылатын,
Шапағаты сәуледей шашылатын.
Қасиетті киесін тамам елі,
Пірге балап, ізетпен бас ұратын.
Болашақты болжаған данамызды,
Жадыратқан мейірмен санамызды.
Зиратында Яссауыи тыныстаған,
Ардақтаймыз Байшегір бабамызды.
Қайырмасы