№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
2. | Кентау Назарбек |
Ашылып өмірдің есігі,
Сәбидің қойылды есімі.
Бөбегім мінекей, өзіңді,
Күтіп тұр атаңның бесігі.
Қайырмасы:
Әлди де бөбегім, әлдиім,
Уілдеп бөбектің сал күйін.
Өзіңді тербетіп отырып,
Жаныңда мен біраз қалғиын.
Бұл бесік талайды тербеткен,
Бесікте анаң да ержеткен.
Ұрпағым алаңсыз өссін деп,
Хас шебер қашаған еңбекпен.
Қайырмасы
Талбесік – көненің көзі бұл,
Толғасақ тарихтың өзі – жыр.
Әлди де әжеңнің әні мен,
Бабаңның өсиет сөзі жүр.
Қайырмасы
Әлди де бөбегім, әлдиім,
Сезінші әжеңнің жан-күйін.
Жасыңнан санаңа сіңіріп,
Ұғып өс еліңнің ән-күйін.