№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Ордабаев | |||
2. | Шынар Кендін |
Бозжыраның ұшар басы
Бота ма екен, нар ма екен?
Бозінгеннің өркешіндей
Қатар тұрған жар ма екен?
Бозбаланың іздегені –
Қымыз ба екен қыз ба екен?
Бойжеткеннің салған әні –
Сағыныш па екен, зар ма екен?
Қайырмасы:
Маңғыстаудың баурайында
Маңғазданған жотам бар.
Манаураған маң даласы –
Маң-маң басқан атандар.
Жеті жұрттан жеткен жерді
Жебеп жатқан атам бар.
Келем десең, Бозжыраға
Әулиеден батаңды ал!
Бозжыра-ай!
Жеті жұрттан жеткен жерді
Жебеп жатқан атам бар,
Келем десең, Бозжыраға
Әулиеден батаңды ал!
Кел, қанекей, Маңғыстауға,
Бозжыраға тартайық!
Боз далада демалайық,
Баурайында ән салып.
Тастарының тарихына,
Табан тигіз жол салып.
Бұл Бозжыра қазақтікі,
Әлем сүйген тамсанып!
Қайырмасы