№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ерсайын Жапақ |
Оянып санам, елдігім,
Желкілдеп шықтым желді күн.
Өзіме-өзім сенбесем,
Көмегін берер енді кім?
Қайырмасы:
Ел-жұрттан бүгін қалам ба?
Алаңға шықтым, алаңға.
Тәуелсіз Қазақ Елі үшін,
Бостандық керек далама.
Алаңға шықтым, үн қосам,
Қасиетті күн бұл – Желтоқсан.
Тәңірім маған дем берер,
Ерлерді сол күн жоқтасам.
Қайырмасы
Оянып санам, елдігім,
Түйіліп шықтым желді күн.
Желтоқсан сол күн болмаса,
Болар ма еді теңдігім?
Қайырмасы